Менің отаным Қазақстан » Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
декабрь
2021

Менің отаным Қазақстан


                                                                                      Бекітемін
                                                               Директордың  тәрбие ісі
                                                                  жөніндегі орынбасары:                       Н.Оразгелді.


                                       «Отан оттан да ыстық!»
 тәрбие сағаты
 
 

Өтілетін күні: 08.12.2021 ж
 Өтілетін орны: Акт залы
 Сыныбы: 11 «ә»
 Мерзімі: 1030
 
 

Мақсаты:Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйрету.
 а) білімділік: туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
 ә) дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
 б) тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
 Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
 Әдісі: сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
 Формасы: тәрбие сағаты
 Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
 Барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.
 1.Әнұран: «Менің Қазақстаным!»
 2.Хор: «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген»
 3.Майдангерлерді еске алу.
 4. Би: «Қуаныш»
 5. Баяндама: «
Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!».
 6. Ән: «Қазақстаным - -Ұлы Отаным-ай!».
 7.Әдеби монтаж.
 8.
 Ән: «Қазақпын». 
 9. Көрініс: «Соғыс қасіреті»
 10.Би: «Lento» Батырбек Ақниет,Кенжебек Қарақат,Бақсейіл Ұлбосын
 11.Ән: «Шығыстың  қос жұлдызы»
 12. 
Ән: «Самға».Қалықұл Жібек
 13.Мақал -мәтел

 14.Би: «Du  Dahsni»
 15. Ән: «Жаңа ғасыр»
 16.Флешмоб
 17.Қорытынды
 
 Жүргізушілер: Қалман Альбина, Айтжан Ерасыл.
 Әнұран: 
«Менің Қазақстаным!»
 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
 2 - жүргізуші: Di a tichas and puipls !
 1 - жүргізуші: Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын! Бүгінгі  7 «ә»  сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған 
«Отан оттан да ыстық!» тақырыбындағы   тәрбие  сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
 2 - жүргізуші: 7- мамыр Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр -  Жеңіс күні – екеуі де үлкен мейрам! Әсіресе, бұл мерекелер  екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін,кешегі 1986 жылы   тәуелсіздік  жолында жанталасқан қайратты желтоқсаншылар үшін өз орны бар ерекше мейрам.
 Хор: «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген»




 1 - жүргізуші:
 
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
 
Отан дейміз өсірген елімізді.
 
Отан дейміз туған жер, атамекен-
 
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
 
        Бүгінгі мерекелік шара тәуелсіз  Қазақстанның қалыптасуы  үшін жан қиған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
 2 - жүргізуші: 
         Аз емес зар жылаған, егілген жан,
         Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
         Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
         Қирады талай арман көңілге алған.
        Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық   бауырлас  жауынгерлерге,яғни, осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз.Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызға құрметпен бас ие отырып, бір сәт үнсіздікпен еске алайық (1 минут үнсіздік).
 1 - жүргізуші: Қазақ биі  «Қуаныш». Орындайтындар,сыныбымыздың бір топ қыздары.
 2 - жүргізуші: «
Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!».Баяндама (Көшербай Ботакөз).

      Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды. 1941 жылы Алматыда генерал   И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған. 
       Сонымен қатар Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нұркен Әбдіров, Сұлтан Баймағамбетов,Мәншүк Мәметова,Әлия  Молдағұлова т.б. есімі  ел есінде.
       1986 жылы  желтоқсанның   17-18-і күні  көтерілістің  арқасында 1991 жылы еліміз  өз алдына   егемендік алып,тұңғыш   президентіміз сайланды.Бұл қазақтың басы   бірігіп, жұдырықтай  жұмылған  әрі бақытты,әрі қайғылы  күні еді.Кейбір ақпарат бойынша қазақстанның тәуелсіздігі үшін  23 қыз  бала мен   75 баланың өмірі қиылғандығы   туралы мәліметтер бар.Соның ішінде ерлікпен жан қиған боздақтарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Сәбира,Ербол,Түгелбай Тәшенов,Қайыргелді Күзембаев, Жамбылбек Тайжұмаев,Ертай Көпесбаев т.б.  еске   алмау  мүмкін емес.Оларға  «ұлтшыл» деген айып тақты.Негізі  олардың   мақсаты  Қазақстанның ел болып қалыптасуына қазақ азаматының басшылыққа   отырғанын қалап,осы мәселе жайлы өз ойларын білдірмек еді... Бірақ  солақай саясаттың кесірінен  қырғынға ұшырап,жапа шекті.Десек те,бұл  кісілердің есімі  ел есінде,«Ешкім де,ешқашан да ұмытылмайды!».

 1 - жүргізуші: Ән: «Қазақстаным - -Ұлы Отаным-ай!». Орындайтын, Айтжан Ерасыл.
 2 - жүргізуші:
 
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
 Бұл далада атам қолға ту алған.
 Бұл даланы анам 
жаспен суарған.
 Бұл далаға 
жылап келіп қуанғам.
 Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
  (Әдеби монтаж).
 
1-оқушы
 
Отан — жерім, Отан — суым,
 Отан — қуат, нәр береді.
 Отан — ұран, Отан — туым,
 Отан мәңгі гүлденеді.
 
 
Отан деген — Атамекен,
 Отан деген — туған жер.
 Отан — ана, Отан — пана,
 Қазақстан — туған ел!
 2-оқушы
 
Сүйемін мен Отанымды,
 Гүл жайнаған жерімді.
 Сүйемін мен ата — анамды,
 Мені өсірген елімді.
 
 Отанды біз Атамекен,
 Деп аялап айтамыз.
 Өйткені оны мекен еткен
 Бабамыз бен атамыз.
 3-оқушы
 Отанды жас — кәріміз де,
 Туған жер деп сүйеміз.
 Өйткені онда бәріміз де,
 Туып, өмір сүреміз.
 
 Отан — менің өзегім,
 Қиының болса төземін.
 Алдағы бақыт шақтарды,
 Жүрегіммен сеземін.
 4-оқушы
 Отаным — менің өзегім,
 Қырыңды шарлап, кеземін.
 Білу керек әр ұрпақ,
 Бес саусақтай өз елін.
 
 Отаным — мәңгі қорғаным,
 Қалаймын бақыт қонғанын.
 Сүйемін және сондықтан,
 Өзенін, көлін, орманын.
 5-оқушы
 Бақытты боп жүргенім,
 Сенің арқаң, Ұлы Отан.
 Елім менің тірегім,
 Құшағыңда гүл атам.
 Ата, Әжем, Әкем, анам —
 Төртеуі де «Отан!» маған
 Төртеуі де «Ботам» дейді
 «Ер азамат атан!» дейді
 Мақтанамын Отаныммен,
 Отаныма «Ботамын»мен.
 6-оқушы
 Сарқылмайтын қуатым,
 Тірегімсің сен, Отан!
 Мәңгі соғып тұратын,
 Жүрегімсің, сен Отан!
 
 
Біз жас ұлан — Отан ана өркені
 Үміт артқан болашағы, ертеңі.
 Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
 Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
 7-оқушы
 Отан дейміз от жаққан жерімізді,
 Отан дейміз өсірген елімізді
 Отан дейміз туған жер, атамекен
 Биік тау, орман, тоғай көлімізді
 8-оқушы
 Отан дейміз кең — байтақ астананы,
 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
 Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
 Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
 9-оқушы
 Қазақстан — көк байрақты ел едің,
 Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
 Өзің менің мақтанышым, тірегім,
 Өзің менің қуанышым, бақытым
 10-оқушы
 Қыран құсым көк аспанда самғасын,
 Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
 Жас ұландар, берік ұста туыңды,
 Жарқыратып туған елдің таңбасын.
 2 - жүргізуші:
Биік, биік таулары бар,
 
Орманы бар, көлі бар.
 
Кең даласы құлпырған,
 
Отанымыз Қазақстан!
 Ән: «Қазақпын».Орындайтын  Батырбек Мерей
 1 - жүргізуші:
          Аз емес зар жылаған, егілген жан,
          Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
          Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
          Қирады талай арман көңілге алған
 Көрініс: «Соғыс  қасіреті»   (күй   ойнап тұрады)
 
Видеоролик:  «Қайсар қазақ елі!»
 Немересі
: Әже,әже! Бүгін менен   бақытты адам жоқ.Жаңа  өмірдің баспалдағын  дәрігер болып аттағым келеді (әжесін құшақтайды).
 Әжесі:Талабыңа нұр жаусын,арманың жет балам! ( маңдайынан  сүйіп,қасына   отырғызады.Әкесі жымиып,пышақ қайрап отырады,келіні  ыдыс алып келе жатып радиодан  хабар   тыңдап тұрып қалады).
 
Радио:Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!  Сөйлеп тұрған Москва.Бүгін  таңертеңгі   сағат 4-тте Германия мен Совет Одағының   арасында шабуыл  жасамау  туралы шартты   неміс фашисттері  опасыздықпен бұзып,біздің еліміздің территориясына   басып кірді. (келінінің қолындағы  ыдыс түсіп кетіп,бетін басып жылап отыра  кетеді,барлығы мұңлы)
 Немересі:  
Аттан!Аттан  әке,жолыңнан кешігесің,
                     Неге  бізге   үнсіз қарап  тесілесің.
                     Кеудесінде  жаны   бар пақырларың,
                     Тауып  жейді сенсіз де  несібесін (әкесін құшақтап жылайды)
 Әкесі: (баласын  құшақтайды)
                     Тыңда  балам,тыңда күнім,
                      Болуға жара  қолқанат.
                      Кәрі  анам,мына   үйің,
                      Барлығы  саған    аманат.
 Әжесі: Оралсын аман жеріне,
              Көріссін туған елімен.
              Келін-ау көздей  қалтаға,
              Бір  уыс   топырақ салып бер.
 Келін: (орамалға  түйілген тпырақты  әкеледі)
 
            Кебін  киген   келеді,
              Кебенек киген өледі.
              Үлкен үйден  дәм татса,
               Кешікпей  дейді келеді.Дәм  татып алыңыз көке. (Әжесі қолындағы наннан  бір  үзімін   бөліп ұлының аузына  салады да,барлығы артынан  жылап   қол бұлғап қалады)
 2 - жүргізуші
:
            Бейбітшілік болса,Бейбітшілік болса.
            Алаулап гүл тұрады, Үйлер де құламайды,
            Туған жер құлпырады, Ешкім де жыламайды,
            Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!
            Түрленіп бақша, бағы, Балалар болады аман,
            Тірлік те жақсарады, Аналар болады аман,
            Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!
 
Би: «Lento» Батырбек Ақниет,Кенжебек Қарақат,Бақсейіл Ұлбосын
 Ән: «Шығыстың  қос жұлдызы» Бақсейілова Ұлбосыннның орындауында
 1 - жүргізуші: Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал — мәтелдер біледі екенбіз? Мақалды жалғастырыңыздар:

Туған жер — тұғырың (Туған ел — қыдырың.)

Туған жердің күні де ыстық, (түні де ыстық).

Туған жер –( алтын бесік).

Туған жердің (топырағы да) ыстық.

Өзге елде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол!)
 Туған жердей жер болмас,(туған елдей ел болмас).
  Туған жер - (алтын бесік).
 Батыр ел үшін туады,(ел үшін өледі.).
 Отан үшін отқа түс,(күймейсің).
 Отан оттан да (ыстық).
 Отансыз адам -(ормансыз бұлбұл).
 Бейбіт елде,(береке бар).
 
 2 - жүргізуші
Ән: «Самға».Қалықұл Жібек
 1 - жүргізуші
: Күн нұрына алақанды созайын,
                            Жүрегіме басып ұстай алайын.
                            Нәзік, әрі жылы, әрі мейірімді,                           
                            Сонда көркем  болып кетер жан-жағым.
 Би:   «Dy Dashni»  Батырбек Мерей, КенжебекҚарақат,Қалықұл Жібек 
 2 - жүргізуші: Отан дегеніміз — адамның туып өскен жері, туған — туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені.
 Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны — Қазақстан Республикасы.
 Қазақстан — Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер — Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз!
 Хор: «Жаңа ғасыр»
 1 - жүргізуші:
      Қазақстан — сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
      Біз — тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
       Ұстаздар, ата — аналар, оқушылар сіздерге көп — көп рахмет. Сау болыңыздар!
 Мұғалім сөзі:
 Біз бүгі    «Отан оттан да ыстық!»   тақырыбындағы тәрбие сағатында  өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймын.Қорытындылай келгенде:
 — Біздің Отанымыз қалай аталады екен?
 — Қазақстан
 — Қазақстан жері қандай?
 — Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
 — Қазақстанның  жер  көлемі қандай?
 — Батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
 — Біздің еліміз қандай  ел?
 — Қазақстан жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң — құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті,бауырмал да кеңпейіл ел.
 Флешмоб.


 
 


 
 



               Дайындаған:                        М.Ордабаева





1.Немересі: Әже,әже! Бүгін менен  бақытты адам жоқ.Жаңа  өмірдің баспалдағын  дәрігер болып аттағым келеді (әжесін құшақтайды).
 
 


 2.Әжесі:Талабыңа нұр жаусын,арманың жет балам! ( маңдайынан  сүйіп,қасына   отырғызады.Әкесі жымиып,пышақ қайрап отырады,келіні  ыдыс алып келе жатып радиодан  хабар   тыңдап тұрып қалады).
 
 


 
3.Радио:Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!  Сөйлеп тұрған Москва.Бүгін  таңертеңгі  сағат 4-тте Германия мен Совет Одағының  арасында шабуыл  жасамау   туралы шартты  неміс фашисттері  опасыздықпен бұзып,біздің еліміздің территориясына  басып кірді. (келінінің қолындағы  ыдыс түсіп кетіп,бетін басып жылап отыра  кетеді,барлығы мұңлы)


 4.Немересі:  
Аттан!Аттан  әке,жолыңнан кешігесің,
                     Неге  бізге   үнсіз қарап  тесілесің.
                     Кеудесінде  жаны   бар пақырларың,
                     Тауып  жейді сенсіз де  несібесін (әкесін құшақтап жылайды)


 5.Әкесі: (баласын  құшақтайды)
                     Тыңда  балам,тыңда күнім,
                      Болуға жара  қолқанат.
                      Кәрі  анам,мына   үйің,
                      Барлығы  саған    аманат.
 6.Әжесі: Оралсын аман жеріне,
              Көріссін туған елімен.
              Келін-ау көздей  қалтаға,
              Бір  уыс   топырақ салып бер.


 7.Келін: (орамалға  түйілген тпырақты  әкеледі)
 
            Кебін  киген   келеді,
              Кебенек киген өледі.
              Үлкен үйден  дәм татса,
               Кешікпей  дейді келеді.Дәм  татып алыңыз көке. (Әжесі қолындағы наннан  бір  үзімін   бөліп ұлының аузына  салады да,барлығы артынан  жылап   қол бұлғап қалады)
 
 



   6-оқушы  Гүлдана


 Сарқылмайтын қуатым,
 Тірегімсің сен, Отан!
 Мәңгі соғып тұратын,
 Жүрегімсің, сен Отан!
 
 
Біз жас ұлан — Отан ана өркені
 Үміт артқан болашағы, ертеңі.
 Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
 Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.
 
 


 7-оқушы  Балжан
 Отан дейміз от жаққан жерімізді,
 Отан дейміз өсірген елімізді
 Отан дейміз туған жер, атамекен
 Биік тау, орман, тоғай көлімізді
 
 


 8-оқушы  Перизат
 Отан дейміз кең — байтақ астананы,
 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
 Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
 Ол бірақ өз үйіңнен басталады.



 9-оқушы Ақниет
 Қазақстан — көк байрақты ел едің,
 Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
 Өзің менің мақтанышым, тірегім,
 Өзің менің қуанышым, бақытым




 10-оқушы  Ұлбосын
 Қыран құсым көк аспанда самғасын,
 Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
 Жас ұландар, берік ұста туыңды,
 Жарқыратып туған елдің таңбасын.
 
 


 


1-оқушы  Рамазан
 
Отан — жерім, Отан — суым,
 Отан — қуат, нәр береді.
 Отан — ұран, Отан — туым,
 Отан мәңгі гүлденеді.
 
 
Отан деген — Атамекен,
 Отан деген — туған жер.
 Отан — ана, Отан — пана,
 Қазақстан — туған ел!
 
 2-оқушы  Асылбек
 
Сүйемін мен Отанымды,
 Гүл жайнаған жерімді.
 Сүйемін мен ата — анамды,
 Мені өсірген елімді.
 
 Отанды біз Атамекен,
 Деп аялап айтамыз.
 Өйткені оны мекен еткен
 Бабамыз бен атамыз.
 
 3-оқушы  Қыдырәлі
 Отанды жас — кәріміз де,
 Туған жер деп сүйеміз.
 Өйткені онда бәріміз де,
 Туып, өмір сүреміз.
 
 Отан — менің өзегім,
 Қиының болса төземін.
 Алдағы бақыт шақтарды,
 Жүрегіммен сеземін.
 
 4-оқушы  Досымжан
 Отаным — менің өзегім,
 Қырыңды шарлап, кеземін.
 Білу керек әр ұрпақ,
 Бес саусақтай өз елін.
 
 Отаным — мәңгі қорғаным,
 Қалаймын бақыт қонғанын.
 Сүйемін және сондықтан,
 Өзенін, көлін, орманын.
 
 5-оқушы   Димаш
 Бақытты боп жүргенім,
 Сенің арқаң, Ұлы Отан.
 Елім менің тірегім,
 Құшағыңда гүл атам.
 Ата, Әжем, Әкем, анам —
 Төртеуі де «Отан!» маған
 Төртеуі де «Ботам» дейді
 «Ер азамат атан!» дейді
 Мақтанамын Отаныммен,
 Отаныма «Ботамын»мен.
 
 



Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың.
 
 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
 
 

Туған жер – алтын бесік.
 
 

Туған жердің топырағы да ыстық.
 
 

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
 
 Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас
 
  Туған жер - алтын бесік
 
 Батыр ел үшін туады,ел үшін өлед
 .
 Отан үшін отқа түс,күймейсің
 
 Отан оттан да ыстық

 
 

 
Отан оттан да ыстық…


Тақырыбы: Отан оттан да ыстық…
 Мақсаты:. Балаларды 9 мамыр – жеңіс күні туралы түсінік беру, маңыздылығын түсіндіру, ҰОС батырларымен таныстыру
 2. Есте сақтау, түсіну, жаттау дағдыларын дамыту
 3.Аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға және патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балаларға Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге, болашақ Отанды қорғауға баулу
 Сабақ түрі: жаңа сабақ
 Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, қызығушылығын ояту
 Көрнекілігі: интерактивті тақта, парақшалар,
 Пәнаралық байланыс: ән сабағы
 Сабақ барысы
 1. Ұйымдастыру кезеңі
 2. Психологиялық дайындық. Оқушыларды орындарына тұрғызып, тақпақ айтқызу арқылы сабаққа назарларын аудару
 
 
 

Елімнің мақтанышы тақырыбына әңгімелесу// Слайд көрсету
 Бұл біздің ең қасиетті де қастерлі мерекеміз, Жеңіс күні 9 – мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға төккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
 Аз емес зар жылаған, егілген жан,
 Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
 Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
 Қирады талай арман көңілге алған
 Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. және де өз жерлестеріміз де бар.
 Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
 (1 мин үнсіздік)
 Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Олардың құрметіне ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылған, мектеп ,көшелерге есімдері берілген.
 Ұлы Отан соғысында от пен оқтын ортасында жүріп, жерін жаудан тазартып, елін қорғаған қаһарман батыр-жазушымыз Бауыржан Момышұлына Астана төріне биіктігі 16 метр ескерткіш орнатылған.
 Ал Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының ержүрек, қайсар батыр апамыз Әлия Молдағуловаға ескерткішін орнатты.
 Сергіту сәті: Жұмсақ қуыршақ пен жауынгер /Балалар бір сапқа тұрады. Жауынгер болып тік тұрып, бір сәт қимылсыз қатып қалады. Қуыршақ сияқты денелерін босатып, алға еңкейіп, қолдарын төмен салбыратып қояды. Қайта жауынгер болып тік тұрады/
 – С. Мұхамедкалиев «Пилотка» әңгімесі. Оқу. Талддау
 Ой толғау
 – 9 мамыр –қандай күн?
 – Жеңіс күні

Тақырыбы: «Ешкім деештеңе де ұмытылмайды» (Тәрбие сағатыМақсатыБалаларға адамгершіліккеотанын сүюгеоны қорғауға баулуОтанға деген сүйіспеншілігін арттыруОларға патриоттық тәрбие беруБалаларды Ұлы Отан соғысыменқазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырыпой - өрісін дамытуБалаларды үлкен адамдарды сыйлай білугеоларды қадірлеуге тәрбиелеуКөрнекілігіҰлы Отан соғысы туралы кітаптаргүлдершарларбатырлардың суреттеріҰлы Отан соғыс кезіндегі техникаларӨтілу барысыСынып ішін безендіруМузыка ойнап тұрады. «Әнұран» 2 - жүргізуші : - Иәмиллиондаған адамның өмірін жалмағанәрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқСол сұм соғысты көзімен көргенкөкірегімен түйіндеген ардагер атаәжем еріміз ортамызда( Ардагерлерге сөз беріледі.) 1 - жүргізуші: - Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер» (Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.) Жас ұландар: - Ардагерлерге мың тағзым! Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай. 2 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік! 1-оқушы: «Майдангерлер» 2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев 3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев) 4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров 5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев 6-оқушы. «Болмасын соғыс» 7-оқушы: «Сен құрметте оны» 2 - жүргізуші: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды Би: «Катюша» 1 - жүргізуші: Ашу менен кек оятты ел намысын, Отан үшін жан пида болды үлкен сын. Ер азамат жауменен арпалысса, Әйелдер терін төкті майдан үшін Аналар қоштасқанда асылымен, Арулар қош айтысты ғашығымен Балалықтың базарын ерте жауып, Талай жұмыс істеді бала өркен. Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды, Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды, Кемпір шал, әйел бала ауылдағы, Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды. Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді. Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!» 2 - жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» 1 - жүргізуші: Батыр ұл есімдері ақталады Жыр болып жүректерде сақталады. Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп, Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады. 2 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығында кездесейік. 1 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. 2 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым! 1 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін! 2 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын! 1 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!
 
 

 
  
 Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру. Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге талпындыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Презентация  , Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Ту, Елтаңба, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, мемлекеттік рәміздер, интерактивтік тақта.

Тәрбие сағатының формасы: сайыс-думан түрінде өткізілді.

Екі топ сайысқа қатысты:

«Тәуелсіздік» (топ басшысы  7 «А» сынып оқушысы Алдаберген Арайлым)

«Сұнкар» (топ басшысы  7 «Ә» сынып оқушысы Азамат Солдат).

Үйге  берілген тапсырма (топтын атын, ұранын және эмблема дайындап келу)

Сайыс 5 – кезеңнен  болды

1 - кезең. «Сұрақ - жауап» «Менің Отаным»

1.     Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

2.     Что в переводе означает слова «Наурыз»? (новый день)

3.     Қазақстан тәуелсіздігін алғанжыл, күн?(16 желтоқсан 1991 ж.)

4.     Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)

5.        Ән ұранның бір шумағын айтып бер.

6.        Әнұранның авторы?  (сөзі:Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; әні: Ш. Қалдаяқов)

7.        Елтаңбаның авторы? (Ж. Мәмбаев, Шота Уәлиханов)

8.        Тудың авторы? (Ш. Ниязбеков)

9.        Аты әйгілі қазақ батырлары ната. (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайт.б.)

10.        Абайдың сүйікті әжесі? (Зере)

Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/

11.        Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)

12.    Қазақтың ұлттық аспаптары (домбыра,сыбызғы, қобыз, жетігент.б.)

13. Бие сүтіненжасалатынұлттықсусын (қымыз).

14.1993 жылы 15 қарашада болғантарихи оқиға /Валюта енгізілді/

15. Абылайханның шын есімі /Әбілмансұр/

16. Астана қаласының символы /Бәйтерек/

17.Елбасымыздың мамандығы /Инженер-металлург/

18.«Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/

2 - кезең. «Анаграмманы шешу»

Артық сөзді табыңыз.
 
 

НАТО (Отан)
 
 

НАТСАҚЗАҚ (Қазақстан)
 
 

ТАІКП ( Кітап)
 
 

ТЕКЛЕМЕМ (Мемлекет)
 
 

Анаграмманы шешіңіз. Артық сөзді табыңыз.
 
 

ЗІМӘР (Рәміз)
 
 

ЗІСЛЕӘУТ (Тәуелсіз)
 
 

ПЕТЕКМ (Мектеп)
 
 

ДІМЕНЕГЕ (Егеменді)
 
 

3 - кезең. «Cөз құрастыру» сайысы.

«Тәуелсіздік»- Ту, ел, сіз, тәуелді, әу, әуелі, тік, ек, әл, әлсіз.
 
 

«Бесбармақ» - бармақ, бес, бар, ар, ақ, ес, мас, ас, бақ, бер. 
 
 

«Егемендік» - Егемен, еге, мен, ен, егін, ек, ем, емен, демі, енді.
 
 

4 - кезең. «Сандар сөйлейді»

5 - кезең. «Мақал – мәтелдер – сөздің мәйегі.

«Мақал - мәтел - сөздің мәйегі».
 
 

Әр бір кезеңде оқушылар белсенді қатысты және Қазақстан елі бойынша білімдерін, танымдық қабілеттерін көрсете алды.

Әр топ өздерін белсене көрсете отырып бирдей жеңіске жетті. Осы топтарды мадақтау қағазымен марапатталды, қатысқан оқушыларға сыйлықтар тапсырдық.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан
 
 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив