1-ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ -2018
Отырар аудандық білім бөліміне
Ы.Алтынсарин атындадаіы жалпы орта
мектебі бойынша 1-қазан қарттар күніне
орай» «Менің атаулы ағашым» атты
акцияның өту барысы туралы
Мәлімет.
Мектепте 1 қазан Қарттар күні мерекесіне орай 20-қазан күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің атаулы агашым» атты акция ұйымдастырылды. «Менің атаулы ағашым» атты акция барысында оқушылар мектеп ауласындағы түрлі ағаштарға күтім жасап, ағаш отырғызу, қопсыту, жапырақтардан арықтарды тазалау жұмыстарын атқарды. Әрбір сыныпқа бөлініп берілген жерлерге күтім жасалып ағаш отырғызылды. 9-10-11 сынып оқушылары Бауыржан А, Тастемір Д, Бархы Б, Жаманбай А, Жақсылық А. мектеп ауласына ағаш отырғызды.
Мектебімізде 1-қазан қарттар күніне орай кездесу болып онда өздерінің өмір жолдпры туралы М.Жүнісбеков, Ж.Білтебаева, С.Қамбарова, Ұ.Арыстанова оқушыларға айтып берді.
Оқушылар Сіздер барда-елдің бағы өрлейді,
Ақылдарың жүректерді тербейді.
Менің алтын қазыналы қарттарым,
Сіздер барда салтым дінім өлмейді-деген өлең жолдарымен қарттарға өз тілектерін жеткізді.
Дайындаған: Н.Оразгелді